×

Харбин-2025: керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы керлингтен топтық кезеңдегі төртінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.

11.02.2025, 09:35
Харбин-2025: керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді
Сурет: Сали Сабиров, ҰОК баспасөз қызметі

Аталмыш жарыста Тилсимай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер ел намысын қорғауда.

Топтық кезеңнің төртінші матчында Қазақстан құрамасы Филиппинмен кездесті. Тартысқа толы бәсекеде ұлттық құрама сегізінші эндте 1 ұпайға қол жеткізіп, кездесуде 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, отандастарымыз бүгін Астана уақытымен сағат 16:00-де Қатарға қарсы ойнайды.

Новости партнеров