×

Президент Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

27.07.2024, 22:06

Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.

Айта кетейік, Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының финалында алтын медальді жеңіп алды.

Новости партнеров