×

Хоккейден ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті, деп хабарлайды Ulyssport.

14.02.2025, 13:01
Хоккейден ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: министрліктен

Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.

ШАЙБА АВТОРЛАРЫ

Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд) 

Дмитрий Бреус (21:02)

Роман Старченко (37:59) 

Кирилл Панюков (42:24)

Кирилл Панюков (44:23)

Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).

Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.

Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Новости партнеров