×

Елдос Сметов: Мүмкін емес нәрсе жоқ

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жетістікке жету жолында барлық қиындықты жеңуге болатынын айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz 

27.07.2024, 22:37

"Мүмкін емес нәрсе жоқ. Соған көзім жетті. Егер ниет болса, бәрін де жеңуге болады. Бәрі де қолдан келеді екен.

Жақсылық Үшкемпіров атамыздың арманы орындалып, жекпе-жек түрлерінен қазақтан Олимпиада чемпионы шықты. Өте қуаныштымын!

Өзімнің үшінші мүмкіндігімде чемпион атандым. Бұған дейін күмісті де, қоланы да алдым. Әлем чемпионы атандым. Халқымды қуантудан  артық бақыт жоқ",-  деді Сметов. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жергілікті балуан Лука Мхеидзені жеңіп, алтыннан алқа тақты. 

Новости партнеров