×

«ПСЖ» президентінің басы дауға ілікті: париждік клуб бай инвесторынан айрылуы мүмкін

"Пари Сен-Жермен" (ПСЖ) футбол клубы жанжалға байланысты Қатардың қаржылық қолдауынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.

14.02.2025, 22:15
«ПСЖ» президентінің басы дауға ілікті: париждік клуб бай инвесторынан айрылуы мүмкін
Ашық дереккөзден

Француз басылымдарының хабарлауынша, париждік клубтың президенті Нассер Аль-Хелайфи дауыс беруге араласу, дауыс сатып алу және билікті асыра пайдалану істері бойынша айыпталуда. 

Қатар билігі ПСЖ-ны қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін.

Аль-Хелайфи сот процесінен құтылғанымен, жанжал Доханың назарын аударды. 12 ақпаннан бастап Қатар басшысы Парижде жүр, ал жергілікті билік клубты қаржыландыруды тоқтату мүмкіндігін қарастыруда. Бұл шешім ПСЖ-ның болашағына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. 

Француз RMC Sport басылымы дереккөзінің хабарлауынша, Катар тарапы қазіргі жағдайға наразы: 

"Жалған айыптаулар, бопсалау, күнделікті сын, барлық проблемалар үшін өзгелерді кінәлау – бұл Францияда қалыпты құбылысқа айналды. Кез келген көмек "жұмсақ күш" деп бағаланады. Бұл нағыз билікті асыра пайдалану, және барлығы бұдан шаршады", – деп мәлімдеді ақпарат көзі. 

Қатар билігі тек ПСЖ-дан ғана емес, жалпы Франциядағы инвестицияларын қайта қарастыруы мүмкін. Бұл Париждің экономикасы мен футболына айтарлықтай соққы болмақ. 

Айта кетейік, "Пари Сен-Жермен" Франция чемпионатында көш бастап тұр. 21 турдан кейін команда 53 ұпай жинаса, ең жақын қарсыласы "Марсель" 43 ұпаймен екінші орында келеді. 

Новости партнеров