×

Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы айналымнан сәтті өтті

Бокстан 63,5 келіде алғаш болып еліміздің атынан Олимпиада рингіне көтерілген Мұхамедсабыр Базарбайұлы сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

28.07.2024, 01:18
Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы айналымнан сәтті өтті

Жерлесіміз 1/16 финалда Испания спортшысы Ойер Ибареччемен жолығып, 3 раунд та қарсыласынан басым болды. Есеп: 5:0. 

Енді Мұхамедсабыр 29 шілде күні жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Лай Чу-Енмен қолғап түйістіреді.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 2002 жылы 27 қарашада Қырғызстан  Республикасында дүниеге келген. Қазақстан ұлттық құрамасының ең жас боксшысы. Олимпиада ойындарына ең соңғы болып,2024 жылдың мамыр айында Таиланд астанасы Бангкокта жолдаманы жеңіп алған.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр