Ақпанның 17-сі күні ішкі резерв ойыншыларынан құралған футболдан Қазақстан құрамасы КХДР ұлттық командасымен кездеседі. Жолдастық матч Түркия жерінде өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл кездесу Астана уақытымен 19.00-де басталады. Қос құраманың арасындағы матчты отандық Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін солтүстіккореялық аяқдопшылар Рашид Рахимов жаттықтыратын Қазанның «Рубин» (Ресей) командасымен шеберлік байқасып, қарсыласын 4:1 есебімен ойсырата жеңген. Сондықтан Қазақстан құрамасының жаңадан тағайындалған бас бапкері Али Алиевтің шәкірттеріне алдағы ойын оңай болмасы анық.