Аралас жекпе жектің танымал инсайдері, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com редакторы Марсель Дорф биылғы 2 наурызда өтетін жекпе-жекте жеңіске жету үшін қазақстандық файтер Асу Алмабаевқа (21-2) қандай тәсілді қолдану керектігін айтты, деп хабарлайды Ulyssport Sports.kz- ке сілтеме жасап.
Спорт сайтына берген сұхбатында Марсель Дорф қазақ спортшысына күрес тәсілдерін қолданудың артықшылығын айтқан.
– Алмабаев үшін жеңіске жетудің ең ақылға қонымды жолы – грэпплинг. Асуға күресу керек. Егер ол аяққа тұрып төбелессе, онда оның қарсыласы басымдыққа ие болады. Өйткені Капенің соққылары жойқын, - деді ол.
Айта кетейік, қазақстандық Асу Алмабаев пен португалдық Манель Капенің (20-7) жекпе-жегі 2 наурызда Лас-Вегаста өтетін (АҚШ) UFC Vegas 103 турнирінің басты оқиғасы болмақ.
31 жастағы Алабаев UFC турнирінің басты іс-шарасында өнер көрсететін тарихтағы алғашқы қазақстандық болады. Оған дейін біздің елден ешкім UFC турнирінің басты тақырыбына айналған жоқ.