×

Головкин соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме? Промоутерлер мәлімдеме жасады

Nomad Promotions өкілі Скотт Мюррей аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің GGG (42-2, 37 КО) рингке қайта оралуы туралы айтты, деп хабарлайды Ulyssport  Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

16.02.2025, 19:07
Головкин соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме? Промоутерлер мәлімдеме жасады
goodfon.ru

Айта кетейік, Nomad Promotions IBF және WBO нұсқалары бойынша біріккен әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін ұйымдастырумен айналысады. Алайда промоутер Головкин үшін де жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

Біз Жәнібекпен және шетелде спорттық мәнсабын жалғастырған басқа да қазақстандық боксшылармен жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз. Енді олардың елге оралуға мүмкіндігі бар.

Біз Қазақстанда Геннадий Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыруға қуана кедісер едік. Мұнда ол нағыз ұлт қаһарманы, - деді Мюррей SI.

Головкин кәсіби мәнсабында бүкіл әлемде жекпе-жек өткізді. Ал өзінің Отанында бір рет қана өнер көрсетті. 2010 жылы Астанада ол панамалық Нильсон Хулио Тапияны (15-3, 11 KO) үшінші раундта нокаутқа жіберген.

GGG-дің соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде өтті. Сол жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен мексикалық Сауль Канело Альварестен (62-2, 39 КО) жеңілген.

Новости партнеров