×

Қазақстан құрамасы дзюдодан Бакудегі Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады

Баку (Әзірбайжан) қаласында өткен беделді Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста жалғыз медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.

17.02.2025, 10:26
Қазақстан құрамасы дзюдодан Бакудегі Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
ҰОК

Жалғыз жүлдені +100 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Қажыбаев алып, қола медаль иегері атанды.

Ислам Тоқтасын (73 келі), Мейіржан Жұмабек (81 келі) және Ислам Бозбаев (100 келі) Бакудегі турнирде жетінші орынға ие болды.

Новости партнеров