×

Азия ойындарының жеңімпазы қолы сынғанына қарамастан жарысқа шыққан

IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде қола медаль алған Ардана Маханова жарақат алғанына қарамастан жарысқа қатысқан, деп хабарлайды Ulyssport.

17.02.2025, 11:48
Азия ойындарының жеңімпазы қолы сынғанына қарамастан жарысқа шыққан

Ардана Азия ойындарының бірінші күнінде қолын сындырып алған. Ал үшінші күні жарысқа шыққан. 

- Жарысқа осы жарақатыма қарамастан қатысып, үшінші орын иелендім, дейді Ардана “Отырар” тілшілеріне берген сұхбатында.

Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде Қазақстан құрамасы қола медаль алған болатын. 

Команда сапында Ардана Маханова мен Аяна Жолдас сынға түсті.

Новости партнеров