«Қайсар» өзінің жаңа ойыншысы – шабуылшы Нұрдәулет Ағзамбаевты таныстырды, деп хабарлайды Ulyssport.
“Қайсар” жаңа шабуылшымен толықты “Қайсардың” Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қаралымда болған Нұрдәулет Ағзамбаевпен келісім шарт жасалды.
- Нұрдәулет алматылық “Қайраттың” түлегі, клубтық мансабында “Қайрат Жастар”, “Арыс”, Түркістан”, “Жас Қыран”, “Хан Тәңірі” командаларында доп тепкен. Біздің командаға қош келдің!, деп хабарлады клуб әлеуметтік желідегі парақшасында.