Қазақстандық семсерлесушілер Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде бес жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.
Семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем кубогы Алматыда өтті.
Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы өз жерінде өткен турнирде бес медаль жеңіп алды.
Жекелей сында Нұрмұхаммед Жайлыбай күміс жүлдегер атанса, Әдемі Серікбай мен Қайназар Нұрқатұлы қола медаль иеленді.
Командалық сайыста қазақстандық жігіттер алтын, ал қыздар күміс медаль еншіледі.