×

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Минскіде екі алтын медаль жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Минскіде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

17.02.2025, 18:15
Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Минскіде екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Күрестен Қазақстан әйелдер командасы Минск қаласында (Беларусь) өткен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведтің құрметіне арналған дәстүрлі халықаралық турнирге қатысты.

Алтын медальді Жәмиля Бақбергенова (72 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) жеңіп алды.

Күміс медальді Ирина Кузнецова (59 келіге дейін) иеленді.

Қола медальға Зейнеп Баянова (53 келіге дейін), Зульфия Яхъярова (55 келіге дейін), Тыныс Дубек (62 келіге дейін) және Елена Шалыгина (65 келіге дейін) ие болды.

Новости партнеров