×

Роналдиньо тарихтағы ең мықты футболшыны атады

Бразилиялық атақты футболшы Роналдиньо тарихтағы ең мықты ойыншыны атады, деп хабарлайды Ulyssport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

18.02.2025, 17:51
Роналдиньо тарихтағы ең мықты футболшыны атады
©Reuters

Роналдиньоның ойынша, оның отандасы Пеле тарихтағы ең мықты футболшы болған екен.

- Футбол тарихындағы ең мықты ойыншы?

- Пеле.

- Пеле немесе Лионель Месси?

- Пеле.

- Пеле немесе Роналдиньо?

- Пеле, - деп жауап берді ол.

Роналдиньо карьерасында "Гремио", "Пари Сен-Жермен", "Барселона", "Милан", "Фламенго", "Атлетико Минейро", "Керетаро", "Флуминенсе" клубтарында ойнаған. 2005 жылы ол "Алтын доп" марапатын иеленді. Ал Бразилия құрамасымен Америка кубогін (1999), әлем чемпионатын (2002) және Конфедерация кубогін (2005) жеңіп алған.

Новости партнеров