×

Биатлоннан әлем чемпионатына төрт қазақстандық қатысады

Ленцерхайде (Швейцария) қаласында биатлоннан әлем чемпионаты жалғасуда. 19 ақпанда, ерлер арасында 20 шақырымдық жекелей жарыс өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

19.02.2025, 10:36
Биатлоннан әлем чемпионатына төрт қазақстандық қатысады
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысады: Владислав Киреев, Вадим Куралес, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин.

Айта кетейік, аталған биатлоншылар 2025 жылы Харбинде өткен Азия ойындарында бақ сынаған. Киреев спринт жарысында жеңімпаз атанса, Куралес осы жарыста екінші орын алған.

Сонымен қатар Вадимнен басқа барлық спортшылар эстафеталық жарыста күміс жүлдеге ие болған еді.

Жекелей жарыс Астана уақытымен 19:05-те басталады.

Новости партнеров