Sports Illustrated шолушысы Джозеф Хаммонд қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ulyssport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшының ойынша, Жәнібек қазірдің өзінде әлемдегі ең мықты боксшылардың тізіміне кіруі керек.
- Жәнібектің барлық төрт титулды үш салмақта жинау амбициясы бар, бұл туралы ол KO On SI-ге берген сұхбатында айтты. Әрине ол әзірге атақты боксшы емес. Ал оның спорттағы даңқты тұлғаларға үн қатуы - Мухаммед Али стиліндегі мақтану ғана емес.
Әлімханұлы салмағына қарамастан ең мықты боксшылардың ондығына, болмағанда он бестігіне кіруге лайық екені анық, - деп жазыпты автор.