×

Рахмонов емес: Белал Мұхаммадтың келесі қарсыласы ресми түрде анықталды

UFC 315 турнирінің басты оқиғасы қазақстандықтар күткендей болмайын деп тұр. Белал Мұхаммад 10 мамырда октагонға шығады, бірақ оның қарсыласы Шавкат Рахмонов емес, деп хабарлайды Ulyssport Runasport.com-ға сілтеме жасап.

20.02.2025, 09:34
Рахмонов емес: Белал Мұхаммадтың келесі қарсыласы ресми түрде анықталды
Фото: Cooper Neill/Getty Images

Промоушеннің ресми мәлімдемесіне сәйкес, жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммад алғашқы титулдық қорғауын аустралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы өткізеді. Турнир 10 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтеді.

РАХМОНОВ НЕГЕ ШЫҚПАЙДЫ

«Спорт Шредингера» Telegram-арнасының мәліметінше,қазақстандық файтер жарақат алып, турнирге қатыса алмайды. Жанкүйерлер үшін бұл ауыр соққы болғаны сөзсіз, себебі Шавкат Рахмоновтың чемпиондық белбеуге таласу мүмкіндігіне бір қадам ғана қалған еді.

ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК

UFC 315 турнирінің ко-мейн ивентінде қырғызстандық Валентина Шевченко мен франциялық Манон Фьоро арасындағы титулдық айқас өтеді. Бұл кездесу де Орталық Азия жанкүйерлерінің назарын аударатыны анық.

Новости партнеров