Биатлоннан Ленцерхайде (Швейцария) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы жекелей жарыс өтті, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстан құрамасының намысын Владислав Киреев, Вадим Куралес, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин қорғады.
Біздің құраманың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен Киреев 74-орынға ие болды. Куралес 75-ші болып мәре сызығын кесті. Мухин 86-орынға жайғасса, Дүйсенов 89-шы орынға тұрақтады.
Жарыста жеңісті француз спортшысы Эрик Перро иеленді. Күміс жүлде италиялық Томассо Джакомелге бұйырды. Ал қола жүлдені француз биатлоншысы Кентен Фийон Майе жеңіп алды.
Айта кетейік, 20 ақпанда аралас жекелей эстафета өтеді. Қазақстан атынан Вадим Куралес пен Арина Крюкова қатысады. Бәсеке Астана уақытымен 20:05-те басталады.