×

Батут гимнастикасы: қазақстандық спортшылар Бакудегі әлем кубогында бақ сынайды

Қазақстандық батут гимнастикасы құрамасы халықаралық аренада өз шеберлігін көрсетпек. Спортшылар Бакуде өтетін батут гимнастикасы бойынша Әлем кубогының кезеңіне қатысады. Бұл додаға дейін команда күшейтілген оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.

21.02.2025, 12:55
Батут гимнастикасы: қазақстандық спортшылар Бакудегі әлем кубогында бақ сынайды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы сапында кімдер бар?

Бәсекеге Қазақстан атынан Данил Мусабаев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Никита Тумаков және Виктория Бутолина қатысады. Бұл спортшылар өздерін ұлттық құрама сапында бірнеше халықаралық жарыста дәлелдеген тәжірибелі гимнастшылар.

Жаңа маусымның ерекшелігі

Биылғы маусымда батут гимнастикасына бірқатар жаңашылдық енгізілді. Бас бапкердің айтуынша, Әлем кубогының барлық кезеңінде төрелік ететін мамандар қатарында қазақстандықтар да болады. Бұл ел спорты үшін үлкен жетістік.

Сондай-ақ, синхронды секірудің жаңа форматы енгізіліп отыр. Жаңа ережеге сәйкес, енді жарыстарда аралас құрамдағы (ер мен әйел) жұптар да сынға түсе алады. Бұл спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, батут гимнастикасын одан әрі қызықты ете түспек.

Новости партнеров