Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Қытайдың Бэйдайхэ қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Ulyssport.
Спортшы жарысты алтыншы орынмен аяқтады. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева сегізінші орынға ие болды.
Ерлер арасында Павел Колмаков оныншы болып мәре сызығын кесті, Фёдор Бугаков – 40-орын, Антон Бондарев – 42-орын алды.
Айта кетейік, 22 ақпанда параллель могул жарыстары өтеді.