×

"Кіші әлем чемпионатына" қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

24 наурыз күні Болгарияда "Странджа" халықаралық турнирі басталады. Қазақстан құрамасы жарысқа екі құраммен қатысады, деп хабарлайды Ulyssport qsport.kz-ке сілтеме жасап.

21.02.2025, 15:10
"Кіші әлем чемпионатына" қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов жарысқа бірінші және екінші нөмірлі боксшыларды қатар қосып отыр.

- 48 кг: Теміртас Жүсіпов, Санжар Тәшкенбай
- 51 кг: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
- 54 кг: Махмұд Сабырхан, Тимур Қабдешев
- 57 кг: Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев
- 60 кг: Талғат Сырымбетов, Серік Теміржанов
- 63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуган Зейнуллинов
- 67 кг: Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев
- 71 кг: Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов
- 75 кг: Сабыржан Аққалыков, Тимур Нұрсеитов
- 80 кг: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
- 86 кг: Нұрбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов
- 92 кг: Данияр Рахымбердинов
-+92 кг: Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай

Өзге елдер де бұл жарысқа ең мықты боксшыларын қосады. Өзбекстаннан үш бірдей Олимпиада чемпионы қатысады деп күтіліп отыр.

"Странджа" турнирі дәрежесі жағынан "кіші әлем чемпионаты" деп бағаланады.

Новости партнеров