23 ақпанға қараған түні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта ресейлік кәсіпқой боксшылар Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) пен Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) арасында екінші жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Ulyssport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Астана уақытымен айқас шамамен 01:00-де басталады, ал оны тікелей эфирде DAZN платформасы көрсетеді.
Бокс кешінің өзі 21:00-де басталады.
12 раундтық кездесу жартылай ауыр салмақ лимитінде өтеді.
Бұл айқаста Бетербиевтің төрт белбеуі де сарапқа салынады.