Жеңілісті білмейтін қазақстандық боксшы Николай Шваб (13-0, 8 КО) Машантакетте (Коннектикут штаты, АҚШ) өткен кәсіби бокс кешінде тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport sports.kz-ке сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл кеште Швабтың қарсыласы колумбиялық Белмар Пресиадо болды (22-9-1, 15 КО). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа созылды, бірақ соңына дейін жеткен жоқ. Сегізінші раундта Швабтың екі ауыр соққысы қарсыласына дөп тиді. Артынша төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Техникалық нокаутпен қазақстандық бюылғары қолғап шебері жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Николай Швабтың кәсіби мансабындағы 13-ші жеңісі, оның сегізі нокаутпен аяқталған.