×

Қостанай облысының спорт басқармасына жаңа басшы мақұлданды

Туризм және спорт министрлігінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткердің кандидатурасы қаралды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 10:40
Қостанай облысының спорт басқармасына жаңа басшы мақұлданды
Туризм және спорт министрлігі

Комиссия талқысына ұсынылған үміткер – туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ директоры Дулат Советханұлы.

Комиссия мүшелері үміткердің спорт саласындағы тәжірибесін, басқарушылық қабілетін және өңір спортының дамуына қатысты ұстанымын жан-жақты зерделей келе, оның кандидатурасын мақұлдады.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.

Новости партнеров