Бүгінгі "Странджа" турнирін боксшы қыздар бастады. Ұлттық құрама сапында шаршы алаңға шыққан 4 боксшы қызымыздың 3-і жарысты жалғастырады, деп хабарлайды Ulyssport qsport.kz сайтына сілтеме жасап.
50 келіге дейінгі салмақта Гүлнар Тұрапбай ағылшын Оакли Келсиді айқын ұтып шықты. Одан кейін шаршы алаңға көтерілген Айдана Жабынбекова (-57 кг) хорват қызынан 4:1 есебімен басым болды. 63 келіге дейінгі салмақта Аружан Жаңабаева да қарсыласына мықтылығын мойындатты.
Ал Анастасия Баязитова (-75 кг) Қытай елінің боксшысынан айласын асыра алмады.
Алда ерлердің жекпе-жегі басталады.