Парижде екі дүркін Олимпиада чемпионы атанып, кәсіпқой боксқа біржола ауысқан өзбек боксшысы Баходир Жалолов Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport qsport.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы белгілі спорт журналисі Уалихан Қосанбай хабарлады.
– 5 сәуір Астанадағы жекпе-жек кешіне Баходир Жалолов қатысады деген ақпарат келді!, - деп жазды.
Айта кетейік, осыған дейін Жалоловтың Монреальдағы ұзақ күткен жекпе-жегі өтпей қалған еді. Ұйымдастырушылар боксшыны ұшығына бола жұдырықтасуға шығармаған болатын.