×

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Чжаоцинде су добынан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

26.02.2025, 17:31
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: ҰОК

Екінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Гонконг құрамасын сенімді түрде жеңді. Кездесу 25:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, алғашқы матчта да отандастарымыз Сингапурды ірі есеппен ұтқан болатын.

Жалпы, Азия чемпионатына алты команда қатысып, айналмалы жүйе бойынша өзара ойын өткізуде.

Новости партнеров