×

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж қарсаңындағы маңызды жаттығу жиындарының бірін аяқтады

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшылар дайындық кезеңін  жоғары деңгейде өткізген, деп хабарлайды olympic.kz

 

 

03.07.2024, 13:08
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж қарсаңындағы маңызды жаттығу жиындарының бірін аяқтады
ҚР ҰОК

"Боксшыларымыздың жаттығу жиыны өте сапалы өткенін айту керек. Жігіттердің барлығы тапсырманы тиянақты орындады. Ең бастысы - ешкім ауырып қалған жоқ. Бәрі де бабына еніп келе жатыр.

Қазіргі таңда біз боксшыларға аздаған үзіліс бердік. Барлығы да үйлеріне кетті. Көп ұзамай қайта жиналамыз. 9-20 шілде аралығында Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны өтеді",- деді Айтжанов. 

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады.

Қазақстан намысын төмендегі боксшылар қорғайды: 

51 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Махмұд Сабырхан

63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы

71 келі: Асланбек Шымбергенов

81 келі: Нұрбек Оралбай

92 келі: Айбек Оралбай

+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Новости партнеров