×

Үш қазақстандық боксшы "Странджа кубогы" турнирінің жартылай финалына шықты

София (Болгария) қаласында бокстан халықаралық "Странджа турнирі" өтуде. Бірнеше қазақстандық боксшы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

27.02.2025, 13:10
Үш қазақстандық боксшы "Странджа кубогы" турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК

86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзат 5:0 есебімен жеңіске жетіп жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшындық Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Өз кезегінде Айбек Оралбай да жартылай финалда өнер көрсететін болады. Ол ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Новости партнеров