Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа кубогында" жеңілді, деп хабарлайды Ulyssport.
Спортшы бұл турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Ирландиялық Луис Руниге қарсы жекпе-жекте Тәшкенбай бірінші раундта нокдаунға түсті.
Осы сәттен кейін ол белгісіз себептермен жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жарысты аяқтады.