×

Жәнібек Головкинмен салыстыруға қатысты сұраққа тура жауап берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) орта салмақтың мықтылары өзінен қашатынын кезекті рет айтты. Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде журналистер одан өзге қазақстандық Геннадий Голвокиннің карьерасындағы жағдайға ұқсастық туралы сұрады, деп хабарлайды Ulyssport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

27.02.2025, 18:14
Жәнібек Головкинмен салыстыруға қатысты сұраққа тура жауап берді
Ашық дереккөзден

"Иә, ұқсас жағдай. Бірақ негізінде бір боксшы екіншісінен ешқашан қорықпайды. Олар біздің стилден қорқады деп ойлаймын", - дейді Жәнібек. 

5 сәуірде Әлімханұлы Астанада IBF рейтингінде жетінші орында тұрған жеңілмеген франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) айқасатынын еске салайық.

Новости партнеров