×

Жаппай төбелес: СҚО хоккей федерациясының төрағасы әкімге ашық хат жолдады

«Праздник Севера - 2025» хоккей турнирінің финалы жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Ulyssport.

01.03.2025, 08:36
Жаппай төбелес: СҚО хоккей федерациясының төрағасы әкімге ашық хат жолдады
Видеодан алынған кадр

ТОЛЫҒЫРАҚ

Турнирдің ақтық сынында Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов және Ақжар аудандарының командалары шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен ойында жарыс қожайындары қарсыласына есе жіберіп, Уәлиханов хоккейшілері чемпион атанды.

Матч аяқталып, ойыншылар киім ауыстыру бөлмесіне қарай беттеп бара жатқаны сол еді қарсы алдарынан жанкүйерлер шығып, кикілжің басталды. Ашуға мінген бір топ адам ойыншыларға тап беріп, жұдырық ала жүгірді. Ар-намысқа тиетін сөздер айтып, балағаттады. Мұның соңы жаппай төбелеске ұласты. Оларды полиция қызметкерлері ажыратуға тырысты.

Бұл оқиғадан кейін Солтүстік Қазақстан облысы шайбалы хоккей федерациясының төрағасы Константин Серик өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовке ашық хат жолдап, спорт басқармасын “жарысты дұрыс ұйымдастыра алмады” деп айыптады және тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады.

Новости партнеров