×

Жәнібек Әлімханұлының өнері АҚШ-та "хитке" айналды

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының екі жекпе-жегі америкалық ESPN телеарнасында 1,3 миллионнан астам көрермен жинап, нағыз хитке айналды, деп хабарлайды Ulyssport Sportnews.kz-ке сілтеме жасап.

01.03.2025, 10:30
Жәнібек Әлімханұлының өнері АҚШ-та "хитке" айналды
instagram/janibek_qazaqstyle

ТОЛЫҒЫРАҚ

Brunch Boxing аналитикалық порталының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивеном Батлер арасындағы кездесу ESPN телеарнасында 714 мың қаралым жинап, топ-4 жекпе-жек қатарына кірген. Ал оның Винченцо Гуальтьеримен болған кездесуін 600 мыңнан астам көрермен тамашалаған.

ESPN арнасындағы дерек көзінің айтуынша, қаралым жағынан бірінші орында ауыр салмақтағы америкалық боксшы Джаред Андерсон мен Чарльс Мартин арасындағы жекпе-жек тұр. Оны 809 мың адам көрген.

Новости партнеров