IFAB футбол ережесіне өзгеріс енгізді. Енді қақпашы допты 8 секундтан артық уақыт қолында ұстаса, қарсыластың пайдасына бұрыштама белгіленеді, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Футбол қауымдастығының халықаралық кеңесі (IFAB) бекіткен жаңа ереже 2025/2026 маусымнан бастап күшіне енеді.
Қазіргі ереже бойынша қақпашы допты 8 секундтан астам уақыт қолында ұстаған жағдайда төреші қарсыласқа айып алаңының ішінен еркін соққы белгілеуге құқығы бар. Бірақ іс жүзінде қазылар ондай шешімді өте сирек қолданады.