Аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов қазақстандық файтерлердің не себепті үлкен додаларда өнер көрсете алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Ulyssport.
ДӘЙЕКСӨЗ
Хабиб (Х.Нурмагомедов, аралас жекпе-жек шебері – авт.) монополия жасап алған. Қазақтың жігіттерін шығарғысы келмейді. Мен қанша жерден намысқа тырысып, күш-жігерімді салып өзімді көрсетсем де үлкен жекпе-жектерге шыға алмадым. Маған кездесу ұйымдастырып берші деп Али Абдель-Азизге (аралас жекпе-жек менеджері, промоутер – авт.) неше рет айттым. Жалпы, біздің жігіттер мықты менеджерге, жақсы командаға зәру. Хабибтің командасын қараңыз, қандай керемет. Бірақ олар бізді жолатпайды, – деді Арман Оспанов “Спорт+” арнасының журналисімен болған сұхбатта.