Асу Алмабаевтың қарсыласы жекпе-жек кезінде боксшының көзін шұқып алған, деп хабарлайды Ulyssport Qsport.kz сайтына сілтеме жасап.
Жексенбі күні қазақстандық спортшы Асу Алмабаев UFC-де португалиялық Манель Капемен шайқасты.
Жекпе-жек кезінде қарсыласы отандасымыздың көзін шұқып алған болатын. Бір емес, бірнеше рет қайталанған еді. Асу төрешіден уақытша тоқтатуды сұрағанмен, рефери мән бермеген-ді.
Кейіннен Асу көзінен алған жарақатын көрсетті. Кей спортшылар Капені лас шайқасатын спортшы ретінде айтып, отандасымызға қолдау көрсетті.
РЕЙТИНГ
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері жаңарған рейтингте 9-орыннан көрінді.
9-орында тұрған аустралиялық Стив Эрцег бір саты жоғарылаған. Ал алғашқы 15 спортшы қатарына өзбек Рамазан Теміров қосылған.
Жексенбі күні Асуды жеңіп кеткен Манел Капе 6-орнын сақтап тұр.