×

Футболдан Әлем чемпионаты: 64 командаға дейін көбейту ұсынылды

2030 жылы өтетін футболдан Әлем чемпионатында 64 құрама команда өнер көрсетуі мүмкін. Қазір ФИФА командалар санын бір реттік көбейту мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды  Ulyssport Тhe Athletic-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 20:54
Футболдан Әлем чемпионаты: 64 командаға дейін көбейту ұсынылды
Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл бастаманы ең алғаш әлемдік мундиаль өткен Уругвай елінің делегациясы көтерді. Олар 2030 жылы тойланатын Әлем чемпионатының 100 жылдық мерейтойына орай дүбірлі доп додасына қатысатын командалар санын 64-ке дейін бір рет көбейту жөнінде ұсыныс тастады.

ФИФА президенті Джанни Инфантино бұл ұсынысқа қызығушылық танытты және оны мұқият зерделеу қажеттігін айтты. Бұл идеяны ФИФА кеңесінің басқа мүшелері мақұлдамауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын командалар саны 48-ге дейін ұлғайтылған. Турнир жаңа форматта алғаш рет 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Новости партнеров