Париж олимпиадасында 66 келіде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев екінші айналымда кореялық қарсыласы Ан Ба Ульден басым түсті, деп хабарлады Ulyssport.kz.
Дзюдо спорты бойынша екінші жарыс күнінде 66 келідегі жерлесіміз Ғұсман Қырғызбаев бірінші айналымда Давид Гарсия Торнеден (Испания) алты жарым минутта басым түскен еді. Бұл жолы кореялық Ан Ба Ульды ұтты. Ан Ба Уль Рио олимпиадасының күміс, Токио олимпиадасының қола медаль алған.
Ширек финалдағы Ғұсманның қарсыласы енді анықталады.