×

Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды

Әзербайжанның Баку қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аясында ат снарядындағы жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

07.03.2025, 16:05
Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды
Фото: ҰОК

Бұл кезеңге Қазақстан құрамасынан екі гимнаст қатысқан болатын. Нәтижесінде Зейнолла Ыдырысов финалға жолдама алды.

Ол 14,133 ұпай жинап, төртінші орынмен келесі кезеңге өтті.

Ал Ілияс Әзізов (13,133 ұпай) финалға бір қадам жетпей, тоғызыншы орын алды. Финалға сегіз гимнаст өткен еді.

Айта кетейік, 7 наурызда Милад Карими (еркін жаттығулар), Ілияс Әзізов және Дмитрий Потанин (екуі де қоссырықтағы жаттығулар) сәтті іріктеуден өткен болатын.

Финалдық сайыстар 8 наурызда басталады.

Новости партнеров