Қазақстанның ұлттық құрамасы футзалдан Еуро-2026 чемпионатының іріктеу турнирі аясында Албания құрамасын сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.
Астанада өткен кездесу 4:2 есебімен аяқталды.
Қазақстандықтар 7-минутта-ақ Дамир Қайырбайдың дәл соққысымен алға шықты. Бірнеше секунд өткен соң, бұл басымдықты еселеп Лео қос гол салып, 17-минутта дубльдің авторы атанды. Тағы бір голды алаң иелерінің сапында ойнаған Шыңғыс Есенаманов (26-минутта) соқты.
Албандықтар Арбер Шкодраның (24-минутта) және Бриланд Томаның (39-минутта) голдарымен жауап қайтарғанымен, бұл ойынның барысын өзгертуге жеткіліксіз болды.
Қазақстан бес матчтан кейін 10 ұпай жинап, турнирдің финалдық кезеңіне шығу үшін күресті жалғастырып келеді. Бұған дейін команда Албанияны (2:0) және Данияны (7:3) жеңіп, бірақ даттарға (2:3) есе жіберіп, Армениямен тең түсті (4:4).