×

Милад Карими Әлем кубогында күміс медаль иеленді

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Бакудегі (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

08.03.2025, 16:11
Милад Карими Әлем кубогында күміс медаль иеленді
olympic.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық гимнастшы еркін жаттығу сайысында жақсы нәтиже көрсетіп, екінші орын алды. Ал финалда ол 14,300 ұпай жинады. Бұл оның күміс жүлдегер атануына жеткілікті болды.  

Беларусь спортшысы Егор Шарамков 14 600 ұпаймен чемпион атанса, үздік үштікті украиналық Назар Чепурный түйіндеді. Оның ұпайы – 13,633.

Сонымен қатар Милад Каримидің турниктегі жаттығу сайысының финалына шыққанын айта кету керек.

Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин де күміс медальді қанжығалады. Спорттық гимнастикадан сынға түскен ол қоссырықтағы сайыста 13,400 ұпай жинады.

Новости партнеров