×

Бакудегі Әлем кубогында қоржынға тағы бір жүлде түсті

Қазақстандық гимнастшы Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

09.03.2025, 15:56
Бакудегі Әлем кубогында қоржынға тағы бір жүлде түсті
olympic.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол «ағаш аттың» үстінде орындалатын жаттығулар сайысының финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілер шешімімен 14,400 ұпай жинады.

Бұл сында алтын медаль америкалық Брэндон Дэнгке (14,633) бұйырды. Күміс медаль тағы бір АҚШ елінің өкілі Патрик Хупстің (14,533) еншісінде.

Естеріңізге сала кетейік, Бакудегі байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы осымен қоржынға үш медаль салды. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Новости партнеров