Ниш қаласында (Сербия) өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасының боксшылары екі жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, алғашқы жарыс күнінде біздің спортшылар екі жекпе-жекте де жеңіске жеткен.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова кениялық Вероника Нзиваны айқын басымдықпен ұтты.
81 келіден жоғары салмақта сынға түскен Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтин Сотимбоеваны жеңіп, турнирді сәтті бастады.
Айта кетейік, 10 наурыз күні рингке Анита Адишева (52 кг) және Жайна Шекербекова (54 кг) шығады.