×

Будвадағы турнир: қазақ боксшылары 27 медаль жеңіп алды

Оның төртеуі алтын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы sportministri телеграм-арнасына сілтеме жасап.

10.03.2025, 17:19
Будвадағы турнир: қазақ боксшылары 27 медаль жеңіп алды
https://www.sports.kz/

Черногорияның Будва қаласында бокстан “Адрия інжуі” деп аталатын халықаралық турнир мәресіне жеткен. Бәсекенің жастар арасындағы әлем кубогы деген статусы да бар. Оған 21 елдің ең үздік былғары қолғап шеберлері жиналған. Араларынан қазақстандық Нығман Нығмет пен Жасұлан Бердалы барлық қасрыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.

Қыздар арасында дәл осындай жетістікке Регина Тибенява мен Ақбота Есімбекова жетті. 4 алтыннан бөлек ұлттық құрама өкілдері 11 күміс және 12 қола жеңіп алды. Айта кетейік, былтыр дәл осы будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылып, қазақстандық қыз-жігіттер 6 бірдей алтын жеңіп алған болатын. Бұл отандық бокс тарихындағы өзіндік рекорд. Соның арқасында жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты.

Новости партнеров