×

Қазақ спортшылары өткен аптада қандай жарқын жеңіске жетті

Туризм және спорт министрлігі қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

10.03.2025, 19:12
Қазақ спортшылары өткен аптада қандай жарқын жеңіске жетті
ашық дереккөзден

Дзюдо: Аустрияның Линц қаласында мәресіне жеткен әлемдік Гран-при кезеңінде Әбиба Әбужақынова (48 кг) топ жарды. Ол финалда 19 жастағы жапон дзюдошысы Сачио Йошиноны жеңді. 

Пара шаңғы: Норвегияның Тронхейм қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды. 

Шахмат: Отандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде қола жүлдегер атанды. 

Спорттық гимнастика: Әзербайжан астанасы Бакудегі Әлем кубогі кезеңінде Дмитрий Патанин мен Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізсе, Зейнолла Ыдрысов қола медаль еншіледі. 

Слаломды ескек есу:  Таиландтың Паттайя қаласындағы  THAILAND OPEN халықаралық рейтингтік турнирінде біздің спортшылар бір алтын, екі қола жүлдеге ие болды. 

Футзал: Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу турниріндегі кезекті ойынында Албанияны 4:2 есебімен жеңді.

Новости партнеров