×

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігінің келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әділхан Сағындықов тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.

11.03.2025, 14:38
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың кандидатурасына келісім берді.

Министрліктің келісімі негізінде Әділхан Сағындықов басқарма басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Оның спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы жан-жақты қаралып, оң шешім қабылданды.

Әділхан Сағындықов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (Таэквондо WT), әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2004 жылғы Олимпия ойындарының қатысушысы. Сонымен қатар, ол «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен және «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жергілікті атқарушы органның ұсынысымен, ҚР Туризм және спорт министрлігінің келісімі негізінде жүзеге асырылады.

Новости партнеров