Фристайл-могулдан Италиядағы Әлем кубогының кезеңінде жарысқа қатысатын қазақстандықтар белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.
11 наурызда Италияның Ливиньо қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі басталады.
Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа үш спортшы қатысады. Ерлер арасында Павел Колмаков бақ сынаса, әйелдер арасында Анастасия Городко мен Юлия Галышева жүлде үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, Италияда сондай-ақ фристайл-акробатикадан да жарыстар өтеді.