×

Екі қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалында қарсылас атанды

Бокстан әйелдер арасында Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жасмин Қизатова ширек финалда этникалық қазақ боксшы Альбина Молдажановамен кездеседі, деп хабарлайды Ulyssport 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

13.03.2025, 16:00
Екі қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалында қарсылас атанды
Фото: Бокс федерациясы


Ресей боксшысы бұған дейін Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Түмен облысының Тобыл қаласында туған қандасымыз биыл 24 жасқа толады. Ол 2020 жылы Ресей ұлттық құрамасына қосылған. Ал 2023 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы Еуропа біріншілігінде топ жарды.

Бұған дейін Ресей құрамасында 81 келіде Салтанат Меденова чемпион атанған болатын. Омбы облысының тумасы жартылай финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Зенфира Магомедалиеваны айқын жеңген еді.

Новости партнеров