×

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: жартылай финалға өткен қазақстандықтар

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 12:48
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: жартылай финалға өткен қазақстандықтар
Фото: ҰОК

Бұл кезеңге Қазақстан құрамасының он боксшысы жеткен болатын.

Нәтижесінде жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медальді қамтамасыз еткен спортшылар:

- Назым Қызайбай (48 келіге дейін),

- Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін)

- Виктория Графеева (60 келіге дейін),

- Аида Әбікеева (63 келіге дейін),

- Наталья Богданова (70 келіге дейін),

- Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары).

14 наурызда боксшылар финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді.

Басталуы – Астана уақыты бойынша 22:00.

Новости партнеров